Атырауда жоғалып кеткен 8 жасар қыздың денесі табылды
Атырау облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 8 жасар Айкөркемнің денесін сүңгуірлер Орал өзенінен тапты.
Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.
“Қызды бүгін, 19 маусым күні ауылдан бір шақырым қашықтықтан таптық”, – деді құтқару бөлімінің басшысы Самат Құмашев.
Еске салсақ, Айкөркем Алдоңғар 14 маусым күні жоғалып кеткен болатын. Бес күн бойы қызды іздеу жұмыстарына 13 құтқарушы, 5 сүңгуір, полицейлер мен жергілікті тұрғындар атсалысты.
Қыздың қалай көз жұмғанын анықтайтын медициналық сараптаманың қорытындысы кейінірек хабарланбақ.
Оқи отырыңыз:
Тәрбиеші көп сөйлеген бүлдіршіннің аузын скотчпен жауып өлтіріп алды
ОҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, 5 адам қаза тапты
Алматыда жол апатынан көлік тізгініндегі қыз аяғынан айырылды (видео)
Алматы маңында қазақ жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды
Талқылау