Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда төбелес шығарған күзетшілер қытайлықтардан кешірім сұрады

Атырауда мұнай зауытын күзетуші кәсіпорын басшылығы қызметкерлерінің әрекеті үшін қытайлық компаниядан кешірім сұрады. 27 ақпанда сағат күндізгі он екілер шамасында Атырау мұнай өңдеу зауытының бақылау-өткізу пунктінде қытай жұмысшылары мен кәсіпорын күзетшілері төбелес шығарды.

Бұл туралы АTPress.kz. хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Кәсіпорынның айтуынша, жұмыс уақыты аяқталмай зауыт аймағынан ерте кетуге тырысқан қытай азаматтарын күзетшілер шығармай қойған. Бұған наразылық танытқан шетелдік компанияның жұмысшысы күзетшінің әрекетін ұялы телефонына түсірген. Ал күзетші нысан аумағында видео түсіруге болмайтынын ескертпекші болған. Ақыры бұл дау төбелеске ұласып кеткен соң, ішкі қауіпсіздік күштерінің араласуына тура келді.

“Зауыт күзетімен айналысатын кәсіпорын қызметкерлернің әрекеті үшін қытайлық компаниядан кешірім сұрады”, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы жанжалдан кейін қытайлық компания мен АМӨЗ-ның жұмысшылары зауыт нысанына бөлек есіктен кіретін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда автобус жүргізушілері шатақ шығарды

Ақтөбеде тек тұрмыстық техникаларды ұрлаған әккі ұры ұсталды

Ақмола облысында 6 жасар баланы өз иті талап өлтірді

Ақмола облысында тұрғындар өтірік есеп беретін әкімнің былығын ашты

Талқылау