Атырауда мүгедек кейіпте қайыр сұраған ер адамның өтірігі әшкере болды
Полицейлер арбаға таңылған ер адамның өтірігін әшкереледі. Ер адамның ешкім жоқ жерде арбада түсіп жүргені анықталды, деп жазды Мой город.

9 қаңтарда арбаға таңылған жан полицейлердің бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Кезекші полицейлер қайыр сұраушының арбадан еркін тұрып, бұрылысқа дейін өзі жүріп барғанын, кіші дәрет сындырғанын көрді. Бұл полицейлердің күдігін туғызды.
“58 жастағы күдікті Ақтөбе тұрғыны болып шықты. Оған қатысты протокол толтырылды”, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, қазір ер адамның жеке тұлғасы мен тұратын мекен-жайы анықталып жатыр.
Одан бөлек енді қайыр сұраушы медициналық тексеруден өтіп, мүгедектігін дәлелдеуі тиіс.
Камила Малик
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған