Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 18 жастағы жігіт 14 жастағы жасөспірімнің қолынан қаза тапты

«Жылыой ауданындағы қыстақтардың бірінде 14 жастағы жасөспірім абайсызда шопанды өлтіріп алды» деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Оқиға түнгі мезгілде орын алған. Жасөспірім демалысқа шығысымен Биікжал ауылында тұратын ағасына қыдырыстап келген. Әлгі ағасы қыстақта көмекшісімен бірге мал бағады екен, деп жазады Атырау газеті.

Оның әбден ұйықтап кеткеніне көз жеткізген көмекшісі мен жасөспірім түнгі аң аулауға шығып, өздерімен бірге қару-жарақты да ала кетеді. Өкінішке орай, соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Жасөспірім байқаусызда оқ атып, шопан көмекшісінің басына тиеді. 18 жастағы жігіт тіл тартпай мерт болған.

Қазір бұл іске қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы 1 бөлігі, яғни, «абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып та кетті.

Тағы да оқыңыз:

Полиция Қытай азаматының тәртіпке бағынбағаны жайлы видеоға түсініктеме берді

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды

Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді

Талқылау