Полиция Қытай азаматының тәртіпке бағынбағаны жайлы видеоға түсініктеме берді
Құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен Қытай азаматы әкімшілік жазаға тартылады.

Алматы облысының полициясы тәртіп сақшылары шетелдікпен алысып жатқаны жайлы әлеуметтік желіде тараған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik.
Ішкі істер департаментінің мәліметінше, оқиға 31 қазан күні Панфилов ауданының Қорғас ауылында болған. Видеодағы ер адам – Қытай азаматы.
“Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау” бабы бойынша шетелдікке қатысты әкімшілік хаттама толтырылды”, — деп хабарлады облыстық полиция.
Іс аудандық әкімшілік соттың қарауына жолданды.
Сол күні Қорғас елді мекенінде жеңгетайлық жасады деген күдікпен тағы бір Қытай азаматы ұсталды.
Полицияның мәліметінше, 41 жастағы шетелдік Солтүстік Қазақстаннан келген екі қызды жезөкшелікке тартқан.
Тағы да оқыңыз:
Семейде жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды
Атырауда 18 жастағы жігіт 14 жастағы жасөспірімнің қолынан қаза тапты
"59 миллион табыспен, 30 мың теңге төлеген": Қазақстанда әкелер алименттен қалай жалтарады және оларды қалай анықтауға болады
Желі қолданушысы бұрынғы күйеуімен ажырасқанына он жыл болғанын, осы уақыт ішінде ұлына алимент төлемегенін айтады
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"