Атом электр станциясын салу туралы референдум жыл соңында өтуі мүмкін – Дәурен Абаев
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев елімізде (АЭС) салу бойынша референдум осы жылдың соңында өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
“Президентіміз өзінің сайлауалды тұғырнамасында да кез келген стратегиялық маңызды әрі уәжді сұрақтарды референдумда шешілетінін айтқан. Яғни халықтың пікірімен санасу керек. Бұл оның берік ұстанымы және менің ойымша, қазақстандықтар мұны оң бағалайды... Референдуның уақыты белгісіз. Мүмкін осы жылдың соңында өтер”, – деді Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, билік бұл мәселені референдумда тектен-тек көтергелі отырған жоқ. Өйткені Қазақстанда атом энергетикасына қатысты бірқатар қорқыныш бар.
“Семей ядролық полигоны ұзақ уақыт бойы Қазақстан аумағында орналасып, республика тарихында да, жер бетінде де үлкен із қалдырды. Бұл жарылыстардың салдары әлі де сезілуде. Халық АЭС құрылысын мақұлдаса, референдумнан кейін бірден тиісті шараларға көшеміз", - деді ол.
- "Мұны халық шешеді": Қазақстан президенті АЭС құрылысына қатысты туындаған сұрақтарға пікір білдірді
- Тоқаев саясат, Қаңтар қасіреті және АЭС туралы сұрақтарға жауап беріп, басқа мәселелерді де қозғайды
Бұл ретте Қазақстан елшісі ресейлік “Росатомның” бұл саладағы көшбасшылардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ оның республикада АЭС салуға үміткер ретіндегі мәртебесін растады.
Абаев сондай-ақ Қазақстанның экономикасы өсіп келе жатқанына қарамастан энергия тапшылығы бар ел екенін еске салды. Сонымен қатар, республика билігі 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттенді.
Бұған дейін елімізде АЭС салу бойынша екі ай түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін жазған едік.