Тоқаев саясат, Қаңтар қасіреті және АЭС туралы сұрақтарға жауап беріп, басқа мәселелерді де қозғайды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саясатқа, Қаңтар оқиғасына, атом электр стансаларына қатысты сұрақтарға жауап береді және басқа да тақырыптарды қозғайды. Бұл туралы мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, "Қазақ газеттері" ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланады”, – делінген Берік Уәлидің сейсенбіде жариялаған жазбасында.
- 2023 жылы Қазақстан саясатында қандай маңызды өзгерістер болды - Саясаттанушылармен сұхбат
- 2023 жылы елдің назарын аударған қандай атышулы сот істері өтті?
Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалатыны атап өтіледі.
“Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады”, – дейді президент кеңесшісі.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған