Атышулы Байзақова бейтаныс адамдарға ауызашар бермек
Биыл алғаш рет ораза ұстап, тура жолға бет бұрған Айжан Байзақова бейтаныс адамдарға ауызашар бермек. Ол желідегі оқырмандарының арасынан 10 адамды таңдап, оларға дастархан жаймақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Байзақова биыл алғаш рет ораза ұстағанын, осы орайда қатты өзгергенін айтқан еді. Блогер рухани өзгерістері турасында оқырмандарымен әңгімелескісі келеді. Тегін ауызашарға қатысқысы келетін жандар көп болғандықтан, Айжан меймандарының тізімін өзі таңдамақ. Ол үшін Айжанмен ауызашарға барғысы келген адам блогердің парақшасында өзі жайлы мәліметтер қалдыруы керек.
"Ешқандай қатаң талап жоқ. Хикаясы қызықтырған оқырмандарды таңдаймын. Кездескенше, бұзықтар", – дейді Байзақова.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”