Атырауда балалар күшікті суға тұншықтырып ойнаған (видео)
Әлеуметтік желіде бір әйел балалардың қапқа салынған күшіктерді суға батырып жүргенін байқап қалғанын жазып, көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Мен өтіп бара жатып қаптың ішінде бірдеңе қимылдағанын байқап қалдым”, – деп жазды әйел.
Осыдан соң оқиға орнына жедел жеткен кинолог Мамучар Ящуев суға жартылай батқан қап ішінен кішкене күшікті тауып алды.
“Күшік қатты тоңғандықтан дірдек қағып тұр. Аш, арық, әлжуаз, ол аз десеңіз, ауруға шалдыққан. Шынымды айтсам, мен үйіме ит-мысық қабылдауды доғарған едім. Паналатқан жануарларымның саны 103-ке жетті. Бірақ мынадай жағдайдан кейін не істеуге болады”, — деп мұңын шағады кинолог Мамучар.
Бейнежазбада кинолог әлжуаз күшікке бірнеше екпе егіп, оны өзінің қамқорлығына алатындығын мәлімдеді.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын