Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегін акцияның салдары: Атырауда дәрі-дәрмекке қашықтық сақталмаған үлкен кезек пайда болды

Атырауда тегін дәрі-дәрмектерге үлкен кезек пайда болды. Акция ұйымдастырушылар қашықтықты қамтамасыз етпегендіктен үлкен кезек орнаған, деп хабарлайды "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, 4 шілдеде Атырауда "Атырау көмек" қоғамдық бірлестігінің бастамасымен дәрі-дәрмекті тегін тарату акциясы ұйымдастырылды. Акция ұйымдастырушылары тиісті қауіпсіздік шараларын және әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз етпегендіктен үлкен кезек орнаған.



Қала әкімдігі бұл акцияны өткізуге қатысы жоқ екенін айтты. Қазіргі уақытта акция тоқтатылды, ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылады, деп атап өтті әкімдікте.

"Қала әкімшілігі аймақта жақын күндері тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізуді ұйымдастыру бойынша қажетті шаралар қабылданғанын хабарлайды. Мұндай акцияларды ұйымдастырушылар ең алдымен халықтың қауіпсіздігі туралы ойлауы керек. Қала әкімдігі халыққа қосымша көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша барлық ұсыныстарды қарауға дайын. Барлық акциялар заңды негізде және қауіпсіз түрде ұйымдастырылуы тиіс", - делінген Атырау әкімдігінің хабарламасында.

 

Талқылау