Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдемнен құралған ұзын-сонар кезек: Алматы Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында жедел жәрдем көліктерінің шұбырған кезегінің видеосына түсініктеме берілді. Белгілі болғандай, бригадалар науқастарды базасында провизорлық орталық ашылған психикалық денсаулық орталығына жеткізіп жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар санының артуына байланысты 30 маусымнан бастап Мақатаев көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан психикалық денсаулық орталығы базасында қосымша провизорлық орталық ашылды. Аурухана енді ғана ашылғандықтан және  науқастар ауыр халде болғандықтан, медициналық ұйым мамандары мұқият тексеру жүргізді, соның нәтижесінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Қазіргі уақытта мұндай кезек жоқ", - деп түсіндірді ведомствода.

Провизорлық орталық 200 төсекке жабдықталған. 

"Бұл ауруханада барлық қажетті заттар толық көлемде бар, медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі.  Өкпені жасанды желдету аппараттарымен, оттегі жастықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлер барлық жеке қорғану құралдарымен және қажетті медициналық препараттармен жабдықталған", - деп толықтырды қалалық денсаулық сақтау басқармасында.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде желіде Мақатаев көшесінде жедел жәрдем көліктеріненің кезегі түсіп қалған видео таралды. Кадрларда он шақты жедел жәрдемді көруге болады. 

Талқылау