Атырауда суға құлап кеткен жасөспірімдерді құтқарған бала медальмен марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марапатты Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабай табыстады.
"Министр Дінмұхаммедке батырлық іс-әрекеті үшін, оның ата-анасына айналасындағыларға көмекке келуге дайын тұратын баланы тәрбилегені үшін алғыс білдірді", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда 8 жасар бала ойнап жүріп Жайық өзеніне құлап кеткен достарын құтқарып қалғаны туралы хабарлаған едік.
Желіде тараған видеодан үш баланың мұз үстінде жүргенін көруге болады. Бір сәтте мұз сынып, 14 және 9 жастағы екі бала суға құлап кеткен. Алайда Жаңбырбай Серікұлы достарының бірін судан шығарып алған. Кейін судан шыққан жасөспірім үшінші баланы құтқарып қалды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді