Атырауда өрт шыққан үйден мүмкіндігі шектеулі адамның мәйіті табылды
Атырауда тұрғын-үйде өрт шығып, оқиға орнынан мүмкіндігі шектеулі азаматтың мәйіті табылды. Оның анасының беті мен қолы күйіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Атырау облыстық ТЖД-дан
Трагедия 14 сәуір күні сағат 19:00-де Авангард ықшам ауданындағы №33 бесқабатты үйде болған. Беті мен екі қолын күйік шалған 73 жастағы үй иесі облыстық ауруханаға түсті. Оның күйеуіне зақым келмеген.
"Оқиға орнынан екінші топ мүгедегі болып табылатын 46 жастағы ұлының мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, өртке отпен дұрыс қолданбау себеп болған", - деп хабарланды Атырау облыстық ТЖД-дан.
"Шыңға кедымен шығып, екі тәулік бойы көмек күткен": Алматы тауында қалған 16 жастағы жасөспірімнің анасы оқиғаның қалай болғанын айтты
Сәтбаев шыңы оның бағындырған ең биік нүктесі болған
"Бұл Қытай ма, Қазақстан ба?": Бильярд ойнауға барған алматылық мекемеде өзіне қытай тілінде қызмет көрсеткеніне наразы болды
Тұрғын: "Жарайды, маңдайшасы мен планшеттері, бірақ чектің де түгелдей қытай тілінде болғаны артық емес пе?"