Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 57 жастағы ер адам белгісіз көлікке отырып, із-түссіз жоғалып кеткен

Оралда із-түссіз жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестірілуде. Болат Гиметдиновты соңғы рет 12 сәуір күні көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Туыстарының айтуынша, 12 сәуір күні сағат 17:00-де ескі әуежай ауданында жұмысынан шығып, белгісіз көлікке отырып кеткен. Ер адамның қайда екені белгісіз, сол күні-ақ оның телефоны өшірулі болған.
"Әкем ешқашан бұлай жоқ болып кетпейтін. Ішімдік ішпейді, ауыр сырқаты жоқ, есінен адаспаған. Осынша уақыт бойы оның қайда болуы мүмкін екенін білмейміз. Ол үшін қатты алаңдап отырмыз", - дейді жоғалған адамның ұлы Данияр Гиметдинов. 

Ер адамның туыстары оның жоғалып кеткені жөнінде полицияға өтініш қалдырып үлгерген. 


Қостанай облысында кәмелетке толмаған қызды зорлағаны әшкере болған мұғалім өз-өзіне қол жұмсады


Жоғалған күні Болат Гиметдинов капюшоны бар қара күртеше, джинсы мен кроссовки киген. Бойы шамамен 165 сантиметр, ақ қысқа шашты. Айрықша белгісі - мұрнында тыртық бар. 

Болат Гиметдиновті көрген-білгендер болса, туыстары мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 8 776 696 69 90, 8 747 583 58 35 немесе 102.

Талқылау