Атырауда коронавирустан бірден 5 әйел көз жұмды
Атырауда коронавирустан бірден 5 атыраулық азамат көз жұмды. Қайтыс болғандардың бәрі - әйелдер, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы науқастардың әрқайсысына ауруханаға жатқызу кезінде екі жақты пневмония диагнозы қойылғанын атап өтті.
Қайтыс болғандардың ең жасы - 42 жаста. Науқас қатерлі ісікпен күресіп, үш рет химия терапия курсынан өтті. Өлімінен кейін диагнозында коронавирус инфекциясы, септикалық шок және бірқатар мүшелердің жетіспеушілігі деп жазылды. Марқұмдардың ең үлкені 77 жаста еді. Ол бесінші күні ауруханада қайтыс болды. Жалпы, аймақта COVID-19-дан 14 өлім тіркелді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған