Атырау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан жолаушы қаза тапты
Атырау облысының Ақтөбе - Атырау - Астрахан тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан 55 жастағы жолаушы қаза тауып 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе - Атырау - Астрахан тас жолында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағыттағы Урал және Лада автокөліктерімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр