Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде көлік жүргізушісі екі оқушыны қағып, қашып кеткен

Ақтөбеде көлік жүргізушісі екі оқушыны қағып, қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

жол апаты

Ақ түсті көліктің иесі жолдан өтіп бара жатқан балаларды қағып өткенімен қоймай, ауыр жағдайдағы балаларды тастап, қашып кеткен. Сегіз және тоғыз жастағы ағайындылар  жаттығудан үйге қайтып келе жатқан көрінеді. Екеуі де абырой болғанда, аман.

Бірақ, басы, кеудесі мен аяғы жарақаттанған. Олар жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

“Жағдайына байланысты екеуін реанимацияға жатқыздық. Толығымен тексерілді. Рентген жасалды. Мамандар қарады. КТ жасалынды. Жалпы жағдайы тұрақты. Нашарлаған жоқ”, – дейді ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.



Қазір полицейлер жауапсыз жүргізушіні іздестіріп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

“Қазіргі таңда осы дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар автокөліктің жүргізушісін анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстары жүргізілуде”, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Талқылау