Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы түйелер мен қабандардардан оба ауруы анықталды

Атырау облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында бүрге үлгілерінен оба қоздырғышын анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақжайық” порталына сілтеме жасап. 

Осыған орай мамандар ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде түйелерді бақылау, обаға қарсы екпе, зиянкестердің алдын алу үшін дәрі-дәрмекпен дезинфекциялау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ олар түйелерді ветеринардың бақылауынсыз союға болмайтынын және ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу хабарласуды сұрады. 

“Ақжайыққа іргелес Индер ауданында 88 шаруа қожалығы мен тұрғындардың ауыл шаруашылығы жануарларының деректер базасында 4682 бас түйе тіркелген. 2022 жылы Индер ауданында оба ауруына қарсы 3900 бас түйеге екпе салу жоспарланып, 2600-і екпе алды. Қалғандары жоспар бойынша жүргізіледі. Ал Махамбет ауданында 53 шаруа қожалығы мен тұрғындардың мәліметтер базасында 4718 бас түйе тіркелген. Жоспар бойынша 3500 бас түйеге оба ауруына қарсы екпе салынады”, – дейді Атырау облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Мырзабек Дүйсенов.



Тағы бір қауіпті мәселе Астрахань облысының Володарск және Красноярск аудандарында жабайы қабандардан “африкалық шошқа обасы” анықталды. Ал Құрманғазин ауданы осы өлкелермен шекаралас болғандықтан қазір мемлекеттік органдар жергілікті аңшыларға қабандардың оба ауруы туралы ақпарат беруде.

Талқылау