Атырау облысындағы екі мұнай компаниясына 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды
Атырау облысындағы екі мұнай компаниясына 11 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізген. Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталған.
- Маңғыстауда West Oil Software қызметкерлерінің көтерілісі 1 аптаға жалғасты: Жаңаөзендіктер де ереуілге шықты
- "West Oil" Маңғыстаудағы мұнайшылардың ереуіліне байланысты ұңғымаларда апат болу қаупі туралы мәлімдеді
“Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен "Karabatan Utility Solutions" ЖШС және "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.
Осылайша, прокуратура уақтылы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған компанияларды сот кінәлі деп танып, өндіріп алынған айыппұл мөлшері 10,7 млрд теңгені құраған.
Шошқа тұмауы Қазақстанға жетті: Неден сақтану керек
Дәрігер: "Қызу көтеріліп, бұлшықеттер мен буындардың ауырады"
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн