Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында тоңазытқыштың есігімен қылқындырған итке қатысты іс тоқтатылды

Атырау облысында ер адамның итті тоңазытқыштың есігімен қылқындырғаны көрсетілген, әлеуметтік желілерде тез таралып, комментаторлардың ашуын тудырған резонансты видеоға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

итАтырау облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, күдіктінің іс-әрекетінде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабы "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша қылмыс белгілері байқалған.

Алайда, қылмыстық іс тоқтатылды. Полицейлердің айтуынша, екі сараптама жүргізілген, олар итте қорлағаннан кейін ешқандай дене жарақаты қалмағанын көрсетті.

"Осы сараптаманың негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.



Еске сала кетейік, биыл 31 мамырда Атырау облысы Еркінқала ауылында ер адамның итке көрсеткен қорлығы түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кейін ер адам ұсталып, өз әрекетін түсіндіріп берді.

Жануарлар қорғаушылары итті тауып, оның денсаулық жағдайын тексерді. Ал АҚШ тұрғындары қорлық көрген итті асырап алу ниетін жеткізді.

Талқылау