Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жануарларды бөлшектеп сатады: Қытайда коронавирусқа қарамастан иттер фестивалі өтіп жатыр

Қытайда пандемия жағдайына қарамастан әйгілі "Юлин" иттер фестивалі басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі MailOnline басылымына сілтеме жасап. 

Фестиваль барысынан бірнеше бейнежазба түсірілген. Бейнежазбада сатушылар бетперде кимей иттерді бөлшектеуде.  Тағы бір роликте жолдың бойында иттердің етін жеп ләззат алыңыз деген жазулары бар жергілікті асханалар көрсетілген. Оған қоса асханаларда итті қалай дұрыс жеудің тәсілін үйрететін жазулар бар.

Қытайда жаз мелгілінде иттер фестивалі дәстүрлі түрде өтеді. Бұл мереке 10 күнге созылып, мыңдаған келушілердің назарын өзіне аударады. Юлин фестивалі Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси провинциясында өткізіледі. Бұл жерге адамдар ит сатып алу үшін ағылады.

"Биылғы жылы иттердің фестивалі бұрынғыдай", - деп жазды жануарлар құқығын қорғаушы Ду Юфенг.

Ол жанындағы 6 адаммен бірігіп іс-шараның өтуіне наразылық білдіргендердің бірі. Ду ханымның айтуынша қаладағы ірі базарда да иттерді сойып, оларды бөлшектейтіндер көп. Сонымен қатар коронавирус кезінде олар иттің етін маскасыз, ешқандай сақтық ережелерін сақтамай бөлшектеп, адамдарға сатады дейді ол. 

"Біздің адамдардың бірі тапсырыс беруші болып көрініп, бір қасапшыдан олардың иттің етін сұрады. Қасапшы үйдегі иттердің барлығын сойып тастағанын айтты", - деп толықтырды Сычуань провинциясындағы Бо Ай Ай жануарларды қорғау орталығының негізін қалаушы Ду ханым.

Тіпті полиция қызметкерлері ит етін сататын көшелерді жақсы білсе де адамдардың ол жерге барып, сауда-саттық жасауына, тамақ ішуіне кедергі келтірмейді екен. 

"Бұл деген жергілікті билік эпидемияға байланысты иттердің ет фестивалін тоқтатуға тырыспады деген сөз. Олар тіпті адам көп жиналуға болмайды деп те ескертпеді. Олар аурудан емделуді емес, қаржы табуды көздейді", - дейді белсенді. 

Ду ханым және басқалары Гуанси провинциясының астанасы Наньнин провинциясының қоғамдық шағымдар мен ұсыныстар басқармасына барып, шенеуніктерге фестивальді мүлдем тыйып тастауды талап ететін петиция берді.

Ол сондай-ақ Наннингтен тірі иттерді лас клеткаларға батырып, оларды тапсырыс бойынша аулау үшін базар ашқанын айтты.

"Өте қорқынышты эпидемиялық жағдай болып жатса да адамдар ит етін жеуге жиналуда. Неліктен олар мұны істеп жатыр және полиция неге жергілікті тұрғындарға рұқсат беріп, тіпті оларды қорғауда", - деп шағымданды белсенділер. 

Талқылау