Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз бен жігіт 20 ит пен 10 мысықты өлтіріп, етін сатқан

Вьетнамда ондаған үй жануарын улап, олардың етін сатқан жұп ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі VN Express басылымына сілтеме жасап.

Тхань Хоа провинциясындағы Нху Суан ауданының тұрғындары өздерінің үй жануарларының жоғалып кеткенін байқап, іздей бастаған. 

Нәтижесінде екі адам жеке мотоциклымен 20 ит пен 10 мысықты ұрламақ болған кезде байқалып қалған көрінеді. Олар жеке мүлікке қол сұғу бабы бойынша айыпталуда. 

Ит пен мысықты бөлшектеп, етін сату үшін цианид тұзымен улаған 43 жастағы Нгуен Ван Фуонг және оның құрбысы 35 жастағы Хоанг Тхи Фуонг полиэтилен пакетіне өлген жануарлардың денесін салып жатқан сәтінде ұсталған. 

Полиция жұптың тұрып жатқан үйінен үш килограмм кептірілген балық пен 100 грам ционид тұзын тапты. Олар у мен балықты араластырып, жануарларды өлтірген. 

Олардың жалға алып отырған ғимараты иттерге арналған мейрамхана ретінде жұмыс жасағанымен, негізінде ұрланған етті сақтауға арналған үлкен тоңызытқыштар орнатылған орын болып шықты. 

Нгуен мен Хоанг жануарларды өлтіріп, оны тоңазытқышта сақтауға көмектесетін жұмысшы жалдаған. 

Жұп жануарлардың еттерін басқа мемлекетке апарып сату үшін жинағандарын айтады. Олардың сөзінше иттің еті кейбір жерлерде өте құнды болып есептеледі және күрішпен шараппен ішіледі екен. 

Ал мысық еті қатты танымал болмаса да кішкентай жолбарыс ретінде сұранысқа ие екенін айтты олар. 

Жануарларды қорғаудың халықаралық топтары және Вьетнам үкіметін үнемі ит пен мысықтың етін жеуге тыйым салып отырады. Дегенмен, бұл жұп үшін ақша табудың тиімді көзіне айналған. 

Жыл сайын Азияда, соның ішінде Вьетнамда, Қытайда және Камбоджада шамамен 30 миллион ит еті үшін өлтіріледі. Мысықтардың саны белгісіз, бірақ олардың да саны бірнеше миллион болуы мүмкін дейді үкіметтік емес ұйым.

Вьетнамда иттер мен мысықтардың ет фермалары аз. Яғни, көптеген жануарлар заңсыз ауланады. Үй мысықтары мен иттерді ұрлау жалғасуда, билік соңғы жылдары ондай қаскөйлерді қамауға алып жатыр. 

Талқылау