Атырау қаласының әкімі жұмысынан кетті
Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы жұмысынан кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әкім өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
"Құрметті атыраулықтар! Бүгіннен бастап мен өз еркіммен қала әкімі лауазымын босатып жатырмын. Қызметімде қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды більдіремін, қала тынысы үшін сіздерсіз көптеген оөды өзгерістер жүзеге аспас еді. Сіздерге алғыс білдіремін. Қала өміріне белсенді қатысуға дайын екеніңіз үшін шын жүректен ризамын. Қызметімізде біз әрқашан халықтың мүдделері мен ел және аймақ басшылығының нұсқауларын басшылыққа алдық. Мен қаламызды үнемі уайымдаймын және оның өркендегенін қалаймын. Ал сіздердің табыстарыңыз бен жетістіктеріңіз үшін шын жүректен қуанамын! Барлығы үшін рахмет! Шексіз құрметпен", - деп жазыпты Алимұхаммед Құттұмұратұлы.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"