Атақты Хабиб Нұрмағамедовтың 300 миллион қарызына байланысты шоттары бұғатталған – БАҚ
Әлемнің ең үздік жауынгері болған Хабиб Нұрмағамедовтың есепшоттары 300 миллион көлемінде қарызына байланысты бұғатталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Instagram.com/khabib_nurmagomedov
Жеңілістің дәмін татпаған, атақты дағыстандық спортшы Хабиб Нұрмағамедовтың Ресей федералдық салық қызметіне 297 миллион рубль қарыз болуына байланысты шоттары бұғатталған. Федералдық салық қызметі спортшының бірнеше фирмасын жауып тастаған. Шорттардың бұғатталуының басты себебі ресми құжаттардағы сенімсіз ақпараттарға байланысты болған. Сондай-ақ Хабибтің есепшоттары қайырымдылық қорының есепшотымен бірге бұғатталған.
Айта кетейік, Хабиб Нұрмағамедов кәсіби мансабындағы 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 2020 жылы кәсіби мансабын аяқтаған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

