Ата-аналар ұстазды ішкиім таңдап жүргені үшін жұмыстан шығаруды талап етті
Ресейдің Ульяновск қаласындағы мектептердің бірінде баласы оқитын ата-аналар сауда үйінде оқушылардың ұстаздың ішкиім таңдап жатқанын көріп қалғаны үшін оқытушының жұмыстан кетуін талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Шағымданған аналардың бірі мұғалімнің жайдан-жай сауда орталықтарында жүріп, өзіне ішкиім таңдауын дұрыс емес дейді. Сөзінше, оның бұл ісін оның оқушылары байқап қалуы мүмкін. Айтылған жағдай ұлдар арасында апайларының қандай ішкиімін ұнататынын жаппай талқылауға алып келіпті.
"Мектеп директоры менің жазбамды көріп, ішкиімді балалардың көзінше таңдап жүрген ұстазды жұмыстан шығарады деп үміттенемін", - деп жазыпты оқушының анасы желіде.
Дегенмен оның бұл сөздерін әлеуметтік желі қолданушылары сынға алды. Олар педагогты киім таңдағаны үшін жұмыстан шығаруға болмайды деп жазған.
Жергілікті білім бөлімінің басқармасының өкілдері ата-аналардан шағым келіп түспегенін алға тартты.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі