Астаналық полиция көлікті тұраққа дұрыс қоймаған жүргізушінің қолын сындырды деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Астанада полиция қызметкерлері көлікті дұрыс қоймаған жүргізушімен болған тексеру кезінде оның қолын сындырды деген ақпарат пен видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, "102" нөміріне жол қозғалысы ережесінің бұзылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 26 жастағы жүргізушінің көлігін рұқсат етілмеген жерге қойып, автотұрақтан шығатын жолды жауып тастағанын көрген.
“Тексеру барысында ер адам қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбаған. Осыған байланысты оған заңда көзделген шаралар қолданылған. Қазір оқиғаның мән-жайы қозғалған қылмыстық іс аясында тексеріліп жатыр”, – деп хабарлады полиция.
ОқыңызСондай-ақ ведомстводағылар тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқан барлық тараптың әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты.
Ақтөбеде мешіт қызметкері намаз оқуға келген екі жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан
38 жастағы ер адам 15 жастағы жасөспірімді ұрған
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты