Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда жол полициясы қазақстандық азаматтан пара сұраған: Желіде тараған видео қызу талқыға түсті

Тәжікстан полициясы қазақстандықтан пара
Фото: Желі кадрларынан скрин

Тәжікстанда саяхаттап жүрген қазақстандық автоблогер жол полициясы қызметкері өзінен ақша талап еткенін айтып видео жариялады. Ол параның ел беделіне қалай әсер ететінін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Қазақстандық автоблогермен болған. Желілерде бейнежазбада Тәжікстанды аралап жүргенде жол полициясының қазақстандық азаматты тоқтатып жатқаны көрсетілген. Полицей жылдамдықты 40-тан асыра көтердің деп түсіндіреді. Дегенмен қазақстандық ондай белгі жоқ екенін айтады. .

Видеода жүргізуші мен инспектор арасындағы әңгіме және блогердің полицейге ақша бергелі жатқан сәті көрінеді. Блогердің айтуынша, полиция қызметкері айыппұл салу немесе ұстап қалу үшін себеп іздеп, ақша алуға тырысқан.

“Егер мүмкіндігің болса, ақша болса бер”, – деген полиция. 

Қазақстандық кейін көлігіне барып ақша әкеліп берген. Алайда блогер отандастарды пара бермеуге шақырды. Айтуынша, мұндай әрекеттер тек нақты қызметкердің беделіне емес, жалпы елдің туристер арасындағы имиджіне де кері әсер етеді.

“Қазақстанда болсаңыздар да, шетелде жүрсеңіздер де пара бермеңіздер. Біз бұл жерде ала ма екен, алмайма екен деген ниетпен тексеріп көру үшін бердік. Сосын Қазақстанның патрульдік полициясы сіздер де шетелдік болсын, өзіміздің азаматтар болсын пара алмаңыздаршы. Киіп жүрген формаларыңыздың абыройын түсіресіздер. Сіздер елдің бет-бейнесісіздер!”, – деді ол. 

 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 30 Маусым, 2026 13:04