Астанадағы ауруханадан 675 млн теңге шығарылған: Ақшаны туыстарына және Италияға сапарына жұмсаған

Фото: Stan.kz
Елорда прокуратурасы бюджет қаражатын жымқырған қалалық емхананы әшкере қылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Медициналық ұйымның бұрынғы жетекшілері ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз шығару схемасын ұйымдастырған. Ал қаражатты жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударып отырған. Онымен қоймай жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген.
“Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған. Мемлекетке келтірілген залал – 675 миллион теңге”, – деп мәлімдеді Астана прокуратурасы.
Аталған дерек бойынша ведомство органдары Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қылмыстық іс шеңберінде елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу әрекетін жүргізіп жатыр.
Бұған дейін Маңғыстауда медициналық ұйымдар 600 миллион теңгеден астам қаржы жымқырғаны туралы жазған едік.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды