Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар 6 баласымен жалғыз қалған әйелге көмек көрсетті

Астаналық Гүлмира Рахымжанова балаларына мектеп формасы мен керек-жарақ құралдарын берген жерлестеріне алғысын білдірді. Жесір қалған 34 жастағы келіншек 6 баланы жалғыз өзі асырап отыр.

c5e1e97ad679a024be3a06c6e3c1e0ad_XL

ИА «NewTimes.kz» басылымы Гүлмира Рахымжанованың отбасына қала тұрғындары жинап берген заттарды апарып берген.

«Бізді тағы да жылы қарсы алды. Әсіресе, 9 жасар Арман. Ол жүгіріп келіп, мені құшақтап алды», – деп жазады мақала авторы

3gul

Гүлмира Рахымжанова мектеп маусымы жақындап қалған уақытта балаларына керек-жарақ пен киім алып бере алмай жатқанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған болатын. Қайырымды жандар жесір әйелдің 4 баласына мектеп формасы мен аяқ киім, кеңсе тауарлары мен ойыншықтар алып берген. Гүлмираның өзі де ескерусіз қалған жоқ. Астана тұрғыны оған қыстық пәлтесін сыйға тартыпты. Елдің ықыласына бөленген Гүлмира қуаныштан көз жасын тыя алмады.

Сөз арасында әйел полиция қызметкерлеріне де ризашылығын жеткізді. Олар да бірнеше күн бұрын Рахымжанованың жағдайын біліп қайтқан екен.

7gu

Ал кей қазақстандықтар Гүлмираға ақшалай көмек көрсетуді жөн көрген.

«Ештеңе дей алмаймын, ұялып тұрмын. Бірақ баршаңызға алғысым шексіз. Мынадай қиын күнде бізді тастап кеткен жоқсыздар», – деген Гүлмира өзінің де қол қусырып қарап отырмағанын айтты. Алты баланың анасы жақында жұмысқа тұрған екен.

Айта кетейік, әйел Астананың шет жағында орналасқан Мұстафа Шоқай көшесінде тұрады. Жалғыз өзі алты баланы бағып-қағып отырған ол 2013 жылы жарынан айырылып қалған.

5gul

Гүлмираның балалары жақсы оқиды. Бір қызы мен ұлы өткен оқу жылын үздік бітіріпті. Ал тұңғышы колледжге тапсырып, түсе алмапты. Енді басқа оқу орнына дайындалып жатқан көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

«Ұшақтағы қазақ тілі» анекдотқа айналды

Төрт адамды қағып кеткен шымкенттік жазадан босатылды

Қазақстан азаматы банктен несиеге зат алудың харам еместігін түсіндіріп берді

Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз бокспен айналыса бастады

Талқылау