Төрт адамды қағып кеткен шымкенттік жазадан босатылды
Шымкентте төрт адамды қағып кеткен жүргізуші жауаптан босатылды. Ол осы ісі үшін бір күн де темір торға тоғытылмаған,-деп жазды motor.kz сайты.

Бір жыл бұрын BMW мінген шымкенттік жол жөндеп жатқан жұмысшыларды қағып кеткен еді. Олардың үшеуі ауыр жараланып, бір жұмысшы сол жерде қайтыс болған еді. Ислам Сүлеймен есімді азамат осы істі жасап, оқиға орнынан тайып тұрған еді. Сол сәттен бастап оған іздеу салынды. Жігіт шекара асып кеткен болып шықты. Сөйтіп полиция оған халықаралық іздеу салды.
Бір жыл өткеннен кейін барып Шымкенттегі Әл-фараби ауданы соты 21 жастағы азаматты қамауға үкім шығарды. Полицияға жігіттің өзі келіп берілген. Сөзінше қатты жылдамдықта келе жатып, көлікті тоқтата алмаған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасалып жігіт бірден сол тізімге кіріп кеткен. Міне іс осылай өрбігендіктен адам өлтірген жүргізуші бір күн де қамалмады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар