Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әңгімелесу барысында Путин Тоқаевты Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтады.
“Президенттер өзара қарым-қатынастың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті”, – делінген хабарламада.
Франция президенті Макрон Тоқаевқа қоңырау шалды
Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге берілген мұндай бағамен келісетінін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық барлық стратегиялық салада қарқын алғанына назар аударды.
Еске салсақ, бұған дейін әлем елдерінің басшылары Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтап жатқаны туралы жазған едік.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген