Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы мұнайшылардың ұсталуы: Полиция түсіндірді

Астана қалалық полиция басқармасы мұнайшылардың ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ел заңнамасына сәйкес, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергілерді болдырмайтын шараларды қабылдау арқылы жергілікті атқарушы органдарды алдын ала хабардар етіп, арнайы бөлінген орындарда бұқаралық бұқаралық іс-шаралар өткізілуі тиіс.

Наразылық білдірушілердің "Бейбіт жиындар туралы" заңды бұзуына, митингі өткізу туралы арыздың болмауына, сондай-ақ рұқсат етілмеген жерде рұқсат етілмеген митингі өткізуіне байланысты митингті ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылардың бірқатары полицияға жеткізілді”, - делінген хабарламада.

Полицияның айтуынша, наразылық білдірушілер Қазақстан Республикасының ӘҚБТК 488 және 667 баптары бойынша ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатын әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Еске салсақ, осыған дейін Астанада мұнайшылардың ұсталып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау