Астаналықтар қашаннан бастап LRT-мен жүре алады
Фото: t.me/ukimet_points
Ақорда кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесі қашан іске қосылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Келесі жылы тестілік режимде іске қосылатынына толық сенімдімін. Қаржыландыру бар. Келесі жылдың аяғында астаналықтар онымен жүре алады", – деді Скляр.
Ол бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек блогерлерге LRT бойынша баспасөз-турын өткізгенін еске салып өтті.
Еске салсақ, бұған дейін "CTS" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын айтқан еді.
Сондай-ақ таяуда LRT-ның алғашқы екі вагоны Қытайдың Таншань қаласынан Астанаға жөнелтілгенін жазған едік. Алғашқы екі құрамды Астанаға жеткізу 2025 жылдың маусым айына жоспарланған. Қалған 17 вагон осы жылдың соңына дейін жөнелтілмек.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген