Астанада жолаушы жүргізуші әйелді "көлігімен бірге өртеп жіберемін" деп қорқытқан (видео)
Астаналық такси жүргізушісі жолаушылардың бірі өзіне тиісіп, күш қолданатынын айтып қорқытқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін Асель есімді қазақстандық Instagram парақшасында жолаушылардың бірі өзіне тиісіп, мазасын алғанын айтып, шағымданды. Оның айтуынша, ер адам көлікке достарымен бірге отырған, бірақ сапар аяқталғаннан кейін көліктен шығудан бас тартқан.
"Мені сүйуге, онымен бірге көңіл көтеретін жерге баруға үгіттеді, барлық шығынды өзі төлейтінін айтты. Мен бірнеше рет анық "жоқ, көліктен шығыңыз, мен жұмыс істеуім керек" дедім. Бұған жауап ретінде балағат сөздер айтып, қысым көрсетті және көлік жүргізуге мүмкіндік бермеді. Ақыры оны достарына қайта апарғанымда ол видеотіркегішті жұлып алуға тырысты. Содан кейін "егер ол мұны әлеуметтік желіге жарияласа, аузын бұзамын" деді. Ал достарына қарап "Оны көлігімен бірге өртеп жіберемін" деп қорқытты”, – деп жазды такси жүргізушісі.
Асель, жолаушының жеке шекарадан өтіп, тиіскен сәті мен қорқытқан кезінің ара жігін ажырата алмай отырғанын жеткізді. Айтуынша, сол сәттегі әңгіме видетіркегіште сақталған.
Болған жағдайға қатысты Астана қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция басқармасы жолаушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданғанын хабарлады.
Бұған дейін алматылық қыз такси жүргізушісі ұйықтап жатқанда етегін көтеріп, өзіне тиісті деп айыптаған еді. 30 наурыз күні қыз қосымша арқылы такси шақырған. Сапар кезінде жолаушы артқы орындықта ұйықтап кеткен.
"Ұйықтап жатқанымды пайдаланып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған жүргізуші маған бұрылып, етегімді көтеріп, бұтымды қарады”, – деп жазды ол Threads желісінде.
Кейін жүргізуші сапарды жалғастырған. Сондай-ақ қызға жеке жүргізуші болуды ұсынған. Діттеген жерге жеткен соң қызды анасы күтіп алған. Сөйтіп анасы жүргізушіге ұрысқан. Ер адам кешірім сұрап, оны видеоға түсіре бастағанда кетіп қалмақ болды.
