"Ұйықтап жатқанда етегімді көтерді": Алматылық қыз такси жүргізушісін өзіне тиісті деп айыптады

Алматы тұрғыны Yandex такси жүргізушісі қол жүгірткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
30 наурыз күні қыз Yandex қосымшасы арқылы такси шақырған. Сапар кезінде жолаушы артқы орындықта ұйықтап кеткен.
"Ұйықтап жатқанымды пайдаланып, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған жүргізуші маған бұрылып, етегімді көтеріп, бұтымды қарады”, – деп жазды ол Threads желісінде.
Кейін жүргізуші сапарды жалғастырған. Сондай-ақ қызға жеке жүргізуші болуды ұсынған. Діттеген жерге жеткен соң қызды анасы күтіп алған. Сөйтіп анасы жүргізушіге ұрысқан. Ер адам кешірім сұрап, оны видеоға түсіре бастағанда кетіп қалмақ болды.
Болған жағдайдан кейін алматылық қыз Алатау аудандық полициясына жүгінген. Ол бөлімшеде бірнеше сағат болып, болған жайттың мән-жайын толық баяндаған. Келесі күні онлайн сот өтіп, оның қорытындысы бойынша жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды.
ОқыңызЖәбірленуші болған оқиғадан кейін ол ұзақ уақыт бойы өзін қауіпсіз сезіне алмаған, такси қызметін қолдануды тоқтатқан және енді сапар кезінде ұйықтамауға тырысатынын айтты,