Астанада жолаушының багажынан 160 мың доллар ақша табылды
Астана халықаралық әуежайында жолаушының чемоданынан шамамен 160 мың доллар (72 миллион теңге) табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Иллюстративті фото
Әуежайда жолаушының жүгін тексеру бөлімшесінің қызметкерлері жолаушының рұқсат етілген шектен де көп ақша алып жүргенін анықтады. Осыдан кейін жолаушы ақшасымен бірге тиісті мекеме қызметкерлеріне тапсырылды.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасының қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлығына сай, елден 10 мың доллардан асатын (4 миллион 512 мың теңге) шетел валютасын қолма-қол әкетуге тыйым салынады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі