Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңдағы ұры": 10 жылдан аса уақыт іздеуде болған ер адам Алматы әуежайында ұсталды

Алматы әуежайында 13 қаңтарда 10 жылдан аса іздеуде болған ер адам құрықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ер адам ұсталды

Полиция мәліметінше шекараны кесіп өту кезінде 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы С.Ш.Ахметов ұсталды. Ол 2013 жылдан бастап аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

Ұсталған адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Көп ұзамай ұсталған ер адамның Самарқан Ахметов екені белгілі болды. Ол қылмыс әлемінте Самар лақап атымен танылған. Ол 2012 жылы Грекия архипелагында “заңдағы ұры” атағын алған. Сонымен қатар сол жылдары БҚО ішкі істер департаментінің басшысы болған Рауан Мусин Самар есімді азамат туралы полиция хабардар екенін айтқан. 

Еске салайық, бұған дейін жыл басынан бері ІІМ жедел қызметкерлері мен олардың бөлімдері іздеуде жүрген 58 адамды ұстағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау