Астанада жаппай жарық сөніп қалды
Астанада 3 қыркүйекте жаппай жарық сөніп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана халқы түнгі уақытта электр қуатының сөніп қалғанын мәлімдеген. Бұдан кейін су да өшіп қалыпты.
"3 қыркүйекте 23:52-де 100 кВ әуе желісінің сол жағында апатты өшіру орын алды", – делінген хабарламада.
Салдарынан Ақбұлақ шағынауданы, Абылай хан даңғылы, Жұмабаев даңғылы, Оңтүстік-шығыс пен оңтүстік бөлігінде электр қуатына шектеу енгізілген.
"00:19-да ПНФ станциясын оң жақ желіге қосып, шектеу алынып тасталды. 220/110 кВ әуе желісінің қызметі желіні бақылауда", – делінген "Астана – АЭК" АҚ хабарламасында.
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар
“Перизаттың миллиардтары, ұлының еміне жинаған қаражатты жымқырған ата-ана, Шерзат соты": 2025 жылы ел аузында болған оқиғалар
2025 жыл Қазақстанда сот залдары мен әлеуметтік желілерді қатар шулатқан резонансты істермен есте қалды