Астана тұрғыны үйінің жанынан заңсыз мешіт ашқан: Оған 185 мың теңге айыппұл салынды
Астанада заңсыз мешіт анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Ішкі істер министрлігі заңсыз діни қызметті анықтады.
"Елорда полицейлері Құмбел көшесіндегі жеке үйдің қасынан мешіт ашылғанын анықтады. Үй-жайларды тексеру кезінде діни әдебиеттер, намазхана және тақтада жазылған намаз уақыттары табылды. Бөлмеде адамдардың жиналып жатқаны анықталды. Сот отырысы барысында мешіт қалада тіркелген діни ғимараттар тізімінде болмаған", – делінген хабарламада.
Діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін 59 жастағы елорда тұрғыны кінәлі деп танылып, мешіттің заңсыз қызметі тоқтатылды. Ол 184,6 мың теңге көлемінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Еске салсақ, Шымкентте мешіттегі намаз кезінде ер адам төбелес шығарғаны айтылған еді.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
6 миллион қаралымнан кейін Телжанға көптеген компаниялардан ұсыныстар түскен
Алматыда шетелден келетін туристер саны азайып кеткен: Әкімдік мұны 4-5 жұлдызды қонақүйлердің аздығымен байланыстырып отыр
Алматының барлық сегіз ауданында туристерді қызықтыратын нысандар болуы керек дейді сарапшылар