Астанада төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған жеткіншекке 1 миллион теңге берілді
Астанада төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарған жасөспірімді қала әкімі Жеңіс Қасымбек марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Астана әкімдігі
Астана әкімі 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов пен оның ата-анасымен кездесті.
“Ақан мен оның ата-анасымен кездестім. Ол өзінің жылдамдығымен және батылдығымен қайғылы жағдайдың алдын алды. Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайық тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде”, – деді Жеңіс Қасымбек.
Жасөспірімге ерлігі үшін планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Сондай-ақ болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде көмек көрсетіледі деп уәде етті.
Еске салсақ, Астанада 7-сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен