Астанада 7-сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды (видео)
Астанада 7-сынып оқушысы төртінші қабаттан құлағалы тұрған баланы аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Астана әкімдігінің мәліметінше, қайғылы оқиғаның алдын алған Ақан Әкімжанов №31 мектеп-гимназиясының 7 "Д" сынып оқушысы екен.
20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде, төртінші қабаттағы балконның сыртында, қоршауға асылып тұрған баланы байқайды. Ақан төртінші қабатқа жүгіріп шығып, бес жасар баланы аман алып қалған.
Ақан Әкімжанов өзінің де іні-қарындастары бар екенін, қажет болған жағдайда оларға да осылай көмек көрсетілетініне сенетінін айтты.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды