Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада садақа жәшігін ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды (видео)

Астана полициясы қайырымдылыққа арналған ақша салынған жәшікті ұрлаған ер адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Ұрлық 27 желтоқсан күні сағат 08.00 шамасында Жеңіс даңғылындағы “Дастархан” асханасында болған. Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Полицейлер қалалықтардан қылмыскердің кім екенін анықтауға көмек көрсетуін сұрап отыр. Ол туралы барлық мәліметті Астана қаласы “Сарыарқа” ауданының ішкі істер басқармасына 8 (7172) 71-66-36, 71-66-34, 71-66-10,  8-775-400-04-28 телефондары арқылы хабарлауға болады.

Тағы оқыңыз:

Санкт-Петербургте жарылыс жасаған адам видеоға түсіп қалды (видео)

60 жыл бірге жүрген достар туған ағалы-інілі болып шықты

Қазақстандық қыз Түркиядағы демалысын ұзарту үшін жезөкшелікпен айналысқан

Байзақова конкурс ұйымдастырған клуб директоры халықтан кешірім сұрады (видео)

Талқылау