Астанада құрылыс алаңындағы кран кабинасынан өрт шықты (видео)
Видеодан скрин
Астанада мұнаралы кран кабинасынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Нұра ауданында, Ш.Айтматов көшесіндегі салынып жатқан нысан аумағында болған.
“Оқиға орнына елордалық гарнизонның күштері мен құралдары жедел жіберілді. Алғашқы бөлімшелер келген кезде мұнаралы кран кабинасы жанып жатқаны анықталды”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт сөндірушілер өртті қысқа уақыт ішінде жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы шолу дөңгелегінен өрт шыққаны туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар