Астанадағы шолу дөңгелегінен өрт шықты (видео)
Видеодан скрин
Астанадағы шолу дөңгелегінен өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт құрылымның орталық бөлігіндегі электр қуатын беретін қораптан шыққан.
Оқиға орнына келген құтқырушылар, адамдарға қауіп төніп тұрмағанын анықтап, өртті сөндірген.
“ТЖМ күштері Vario өрт сөндіру жүйесі арқылы өртті сөндірді. Келушілер дер кезінде эвакуацияланып, аттракционнан түсірілді. Шолу дөңгелегі қалыпты режимде жұмысын қайта бастады”, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Айта кетейік, Астанадағы шолу дөңгелегі 2017 жылы Халықаралық EXPO көрмесіне арнап кезде салынған. Аттракционның биіктігі – 65 метр, ол әлі күнге дейін Орталық Азиядағы ең биік шолу дөңгелегі болып есептеледі.
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"