Астанада мұғалім мектептегі лифт шахтасына құлап кеткен (видео)
Астанадағы мектепте мұғалім лифт шахтасына құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
15 маусым күні сағат 09:24-те ТЖД қызметкерлері Б.Момышұлы даңғылы, 1/1 мекенжайына жетті.
"Riviera International School by Quantum мектебінде 38 жастағы мұғалім лифт шахтасына құлап кетті. Құтқарушылар оны лифт шахтасынан алып шығып, ауруханаға жеткізді. Жағдайы орташа ауыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда әрбір төртінші лифт ескіріп кеткені айтылды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады