Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Керуен кешеніндегі теракт үшін мектеп оқушысы миллион теңге ұсынған

Павлодарлық оқушының ата-анасы елордадағы сауда орталығында болған теракт туралы әзіл-қалжыңы үшін айыппұл төлеуіне туралы келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: 2gis.kz

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, 17 сәуірде Астана полициясына тұрғындарға WhatsApp арқылы "Сәлеметсіз бе, мен сізге миллион теңге ұсынамын, сіз Керуенде теракт жасаңыз. Біз сізге серіктестер мен құрал-жабдықтар береміз. Егер сіз бас тартсаңыз, біз сізге келеміз. Қайда тұратыныңызды білеміз" деген мәтіндегі хабарлама келіп түскенін хабарлады.

Бұл дабылға жауап берген полицейлер 10 жастағы мектеп оқушысы екенін анықтады. Сөйтіп, оқушы әпкесін осылай алдамақ болған екен.

Павлодар облысы полиция басқармасы оқушының әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы – терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша қылмыс құрамы барын атап өтті. 


"Алайда кәмелетке толмаған жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмаған. Оның қылмыс жасағанын ескере отырып, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтитын қасақана әрекетке оқушының заңды өкілі жазаланды", – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір материал сотта қаралып жатыр. Белгілі болғандай, оқушының ата-анасына 20 АЕК – 73 мың теңгеден аса айыппұл салынды.

Еске салайық, 2024 жылы 8 сәуір күні Алматыда Сүлеймен Демирел атындағы университетте бомба бар деген ақпарат тарап, студенттердің эвакуацияланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау