Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Қайрат Нұртас пен Дима Билан ән шырқайды

Астанада Open Air кешінде Қайрат Нұртас пен Дима Билан ән шырқайды.

Астанада Қайрат Нұртас пен Дима Билан ән шырқайды

Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 мамыр күні ашық аспан астында”Ұлы дала бірлігі” атты концерт өтеді. Бұл қала әкімдігінің Астананың 20 жылдығына орай тұрғындарға жасаған сыйы.

Ашық аспан астында “Қазақ Елі” монументінің алдындағы алаңда өзге де танымал әншілер өнер көрсетеді. Хит әндердің авторлары, Қазақстан әншілері мен ресейлік әншілер ән шырқайды. Олардың ішінде Қайрат Нұртас, Айқын, Мәдина Сәдуақасова, Әлішер Кәрімов, Ерке Есмахан, Ringo тобы, сондай-ақ көрермендердің көзайымына айналған Ninety One тобы және т.б. ән шырқайды.

Бұдан басқа, Дима Билан, Юлиана Караулова, Сергей Лазарев, Анна Седокова, Натан, Анна Семенович, Джиган, Елена Темникова, Тимур Родригез,  Макс Барских, Миша Марвин, “Градусы” тобы, Artik & Asti және т.б. сынды ресейлік артистер мерекеге орай Астанаға жылы лебіздерін білдіреді.

Тағы да оқыңыз:

Ақбота Керімбекова: Бұйырса келін аламыз, ұлымның сүйікті қызы үйге келіп шаруаға көмектесіп тұрады

Әрсен: Бәріңе менің көзімді берсе, Мереке жайлы бұндай жаман пікірлер жазбас едіңдер

Ақбота: Мен қымбат көйлек киіп, гауһар тақпайтын себебім – бар табысымды балаларыма саламын

Талқылау