Астанада қатты желден "Рухани жаңғыру" символы құлап қалды
Астана халықаралық әуежайы аумағында орналасқан "Рухани жаңғыру" символы объектісі желден құлап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Astanovka98
"Сәулет объектісі қатты желдің әсерінен құлаған. Қазір мердігер ұйым қайта орнату жұмысын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі.
9 ақпанда қолайсыз ауа райының кесірінен Астана халықаралық әуежайында 20 шақты рейс кешігіп жатыр.
Еске салайық, елордада боранға байланысты тәулік ішінде 250-ден аса жол апаты тіркеліп, барлық қызмет түрі күшейтілген режимге ауысты. Сонымен қатар Астанада қатты желден Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университетінің шатыры ұшып кеткен еді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"