Астана мен Павлодар облысында оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді
Астана мен Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты мектеп оқушылары 9 ақпан күні қашықтан оқуға жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Астана қаласының және Павлодар облысының білім басқармалары мәлімдеді.
"2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген Астана қалалық білім басқармасының хабарламасында.
Павлодар облысында да бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада қатты желден университеттің шатыры ұшып кеткені туралы жазған едік.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген