Астанада енді жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен барады
Астанада енді жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/astanovka98
Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ақпаратты растады.
Желіде жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмыс орнында ішімдік ішіп, "Масленица" тойлаған видеосы тарады
"Күту уақытын қысқарту мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы көлік құралдарын жалдау шартын жасасты. Мұндай көлік құралдары жедел жәрдем бригадасы жеделдіктің 3-4 санаты бойынша шақыртуларға шығуы үшін қарастырылған. Аталған санаттар бойынша пациентті тасымалдау, сондай-ақ көлікті медициналық жабдықтармен жарақтандыру талап етілмейді", — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада мас жігіт жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуылдағаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген